{metadescription}
Алматыда кафе өртенді

Алматыда кафе өртенді

Алматыда таңертең сағат 5-те кафе өртенді.

Бұл туралы жергілікті ТЖД-нің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлайды.

Тілсіз жау «Шашлық-Двор» кафесін жаулап, 300 шаршы метрді құрады.

101 пультіне қоңырау сағат 5:04-те түскен. 05:12 өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Ал толықтай өртті 6:14-де өшіріп үлгерген. Тілсіз жаудың неден шыққаны тексеріліп жатыр.

Өрт сөндіру бригадасы келген сәтте кафенің төбесі ашық жалынмен жанып тұрған. Құтқарушылар көрші үйлерге өрттің таралуына жол бермеді.

Болған жағдайдан қайтыс болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.