{metadescription}
Терроризм айыбы бойынша 9 әйел сотталды

Терроризм айыбы бойынша 9 әйел сотталды

Иракта терроризм айыбы бойынша 9 тәжік әйелі әрқайсысы 20 жылға сотталған. 

Тәжікстан азаматтары "Ислам мемлекеті" террористік ұйымның мүшесі болды, ондағы содырлармен бірге тұрды деп айыпталған. Тәжікстан үкіметіндегі дереккөздің хабарлауынша, сотталған әйелдердің барлығының кішкентай балалары бар. Олардың бәрі Бағдадтағы интернатқа өткізілген.

"Екіжақты келісімге сәйкес, тәжік билігі балалардың отанына оралуын талап ете алады",- деді ол.

Бағдад қалалық соты шешімінің көшірмесінде сотталған әйелдердің аты-жөндері аталған. Олар: Лутфия Иззатулло Абдулло, Таманно Каримова Холахмад, Сафаргул Набиева, Мадина Ашраф Курбон, Хадича Файзиддинзода, Ирода Раззок Холик Содик, Оиша Шербекова, Зухро Зохир Мухаммад, Зебо Джонаки Саидова.

Тәжік билігі аталған ақпаратты растап, аталған әйелдерге елде де қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бағдадтағы сот процесіне қатысқан ирактық журналист Умар Карими әйелдердің бірқатары өздеріне оқылған үкімді байыпты қабылдады, ал төртеуі айқайлап жылады дейді.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде