{metadescription}
NBA чемпионының әкесін белгісіз біреулер атып өлтірді

NBA чемпионының әкесін белгісіз біреулер атып өлтірді

Полиция осы дерекке қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ұлттық баскетбол лигасының (NBA) чемпионыны Ричард Джефферсонның әкесін белгісіз біреулер Калифорния штатындағы Комптон қаласында атып өлтірді.

65 жастағы Ричард Джефферсон (үлкені) алкогольдік ішімдік сататын дүкеннің маңында тұрған. Осы кезде жол жөнекей өтіп бара жатқан көліктен белгісіз біреулер оқ ата бастаған. Баскетболшының әкесінің жанында тағы екі адам болған. Шабуылшылардың көздеген сол ма әзірге белгісіз. Джефферсон ауруханаға жеткізілген, алайда ол алған жарақатынан қайтыс болған. 

Полиция осы дерекке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Ричард Джефферсон (кішісі) 2016 жылы "Кливленд Кавальерс" сапында NBA чемпионы атанды. Қазіргі уақытта ол "Денвер Наггетс" намысын қорғап жүр. 2004 жылы баскетболшы АҚШ құрамасының сапындаАфинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. 

Дереккөз: vesti.kz

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде