{metadescription}
Балабақша тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады

Балабақша тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады

Полицияның мәліметінше, бір қыз ауруханаға ауыр хәлде түскен. Балалардан бөлек, екі ересек адам жарақат алды.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 52 жастағы әйел балабақшада бес адамды пышақтап тастады, оның үшеуі бала.

Полицияның мәліметінше, бір қыз ауруханаға ауыр хәлде түскен. Балалардан бөлек, ер адам (балалардың бірінің әкесі) мен әйел жарақат алды.

Қанды оқиға егде әйелге шабуылдаудан басталған, оған 31 жастағы ер адам араласқан, оның аяғынан пышақтаған. Содан кейін балаларға шабуылдай бастайды. Бұл кезде бөлмеде тоғыз бала болған.

Құқық қорғаушылар зардап шегушілердің өміріне қауіп жоқ екенін атап өтті. Қылмыскер біраз уақыттан соң балабақшаның жертөлесінен табылды, ол өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ауруханада жатыр, оны полиция бақылауға алды. Әйел қанды оқиға болған балабақшада жұмыс істегені белгілі болды. Неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.   

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде