{metadescription}
Головкиннің болашақтағы жоспары қандай?

Головкиннің болашақтағы жоспары қандай?

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер боксшының Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліс тапқаннан кейін алға қойған мақсаттары туралы айтты.

Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазір Геннадий отбасымен демалыста, кейінірек одан әрі не істейтінімізді талқылаймыз. Golden Boy-дың не шешетінін де көреміз. Біздің білуімізше, олар «Канелоға» жылдың соңында жекпе-жек ұйымдастырмақ. Үшінші кездесу болмаса, басқа боксшыларды да қарастырып көреміз. Дегенмен, үшінші жекпе-жекке дайынбыз. Муратомен кездесу? Әрине, оны өткізуіміз әбден мүмкін, керемет айқас болары сөзсіз. Ол қазан айында Лас-Вегасте жұдырықтаспақшы. Top Rank-пен өте жақсы қарым-қатынастамыз, мүмкін қарсылас ретінде де қарастырып көреміз. Сондай-ақ, Сондерс Андрадемен кездеседі, біз болсақ, Сондерспен жұдырықтасуға әрдайым дайынбыз. Бір жағынан, қазір титулымыз болмағандықтан міндетті кездесулер де, қысым да жоқ. GGG үшін бәрінен де қайсысы ыңғайлы екенін бақылаймыз» - деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде