{metadescription}
Ақтөбелік жігіт анасын баспалдақтан итеріп, полицейді ұрды

Ақтөбелік жігіт анасын баспалдақтан итеріп, полицейді ұрды

Ақмола облысы Қарғалы ауылында 27 жастағы жігіт анасын баспалдақтан итеріп жіберіп, полицейді ұрды.

Қарғалы ауылының тұрғыны Әмірбек Ахметов анасынан есіркі алу үшін ақша талап еткен. Егер талабы орындалмаған жағдайға өзіне қол саламын деп қорқытқан.

Бұл туралы Stan.kz жазады. 

Есірткіге ақша таппаған жігіт ваннада тамырын тіліп, анасын баспалдақтан итеріп жіберді. Ол құлап қалған анасын ұруға жақындап еді, алайда полиция қызметкерлерін көріп қалды. Содан жігіт ас бөлмеге жүгіріп барып, қолына пышақ алып полицейлерге қарсылық көрсеткен.

Ұстау барысында ол аудандық инспектордың басынан ұрып жіберіп, оны жарақаттады. Соққыдан полиция қызметкерінің мұрны сынды. Дегенмен, анасын итеріп жіберіп, полицейге қарсылық көрсеткен ер адам ақыр соңында қолға түсті. Билік өкіліне қарсы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сот алдында жауап берген Әмірбек Ахметов анасымен жанжалдасу кезінде өзінің тамырын кесіп жібергенін айтты. Ал полицейлер келгенде қызбалықпен біреуінің мұрнынан басымен ұрып жіберген. Өз анасына қол жұмсамақшы болған жігіт өзін қатаң жазалауды сұрап, тәртібін түзеуге уәде берді.

Сот айыпталушыны қамауға алмай-ақ жазаға тартуға болады деген қорытындыға келді. Шешімге сәйкес Әмірбек Ахметов бір жарым жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесіліп, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылды. Сондай-ақ, оған нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделу курсы тағайындалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде