{metadescription}
Қазақстандықтар параға қанша ақша береді

Қазақстандықтар параға қанша ақша береді

Ағымдағы жылдың 8 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро 1393 жемқорлық қылмысын тіркеді. 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 8 айында Ұлттық бюро 1393 жемқорлық қылмысты тіркеді. Оның 761-і парақорлық фактісі болды. Ал пара алу фактісі 555 рет тіркелді. Параны алушымен қатар параны берген адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын түсіну қажет.  Мәселен, пара берудің 157 фактісі және пара беруге делдалдықпен байланысты 49 қылмыс анықталды.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс бойынша пара көлемі 5 мыңнан басталып 30 млн теңгеден асып жығылады. Ал ұрланған қаражат көлемі 10 мың теңгеден басталып, 3 млрд теңдеген астам соманы құрайды.

Сонымен қатар сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және талан-таражға салу, алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақша және өзге де мүліктерді заңдастыру, экономикалық контрабанда, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, қызметтік алдау сынды фактілердің жолы кесілді.  

Мұнан бөлек, ағымдағы жылдың 8 айында құрылыс саласында жемқорлықтың көп орын алатындығы анықталған. Бұл салада 157 жемқорлық құқықбұзушылық, білім саласында - 110, жер қатынастары саласында - 101, ауыл шаруашылығында 95 құқықбұзушылық әшкере болды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.