{metadescription}
ФОТО: Арықтауды армандаған әйел 123 келі салмақ тастағаннан кейін өзіне қол жұмсады

ФОТО: Арықтауды армандаған әйел 123 келі салмақ тастағаннан кейін өзіне қол жұмсады

Англияда 37 жастағы Келли Берндред жанын жегідей жеген қиындықтарға шыдамай, өміріндегі ең үлкен арманы орындалғанына қарамастан өзіне қол жұмсаған.

Келли мектеп кезінен бері артық салмағы үшін көп қиындық көрген. Оны сыныптастары да келемеждеп, жиі кемсітіпті, деп жазады Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сол кезден бастап Келли сымбатты болуды армандап, тәнінің сұлулығына қол жеткізу үшін көптеген жыл бойы тер төгеді. Ол қиналып жүргеніне қарамастан, өзін көңілді әрі бақытты етіп көрсетуге тырысқан.

Келлидің күйеуі Гареттің есінде дәл осындай қалпында сақталған. Олар алғаш рет түнгі клуба танысқан кезде, Гареттің көзіне бойжеткен өте сұлу әрі керемет болып көрінген. Тіпті, ол ғашығының артық салмағына да назар аудармапты.  Берндерд тұрмысқа шығып, сот медицнасы саласында ғылыми дәрежеге қол жеткізіп, қыз баланы дүниеге әкелген. Алайда үнемі көңілді жүретін әйелдің көңілі жай таппай, үнемі нашар ойлар мазалайтын болған.

«Келли өмірінің көп бөлігінде қиналып жүрді. Сырт көзге көңілді, өзіне сенімді болып көрінетін. Достары да көп еді. Алайда оның жан-дүниесінде үнемі күрес жүріп жататын», – дейді күйеуі Гарет.

Келли сәбиін босанғаннан кейін, күйзеліске түскен. Мұнан кейін ол «арықтау арқылы бақытты бола аламын» деген ойға келіпті. 2015 жылы Келли асқазанын шунттауға келіскен. Ота әсер еткенімен, бәрі ойдағыдай бола қоймады.

Бұған дейін салмағы 190 келі болған әйел 123 келі салмақ тастаған. Алайда сонымен бірге оның шашы түсе бастапты және артық терісі салбырап қалған. Мұның бәрін өзгертуге болғанымен, Келлидің күйзелісі ушыға түскен. Ол артық салмақ тастаса да, бақытты бола алмағанын түсініпті.

«Ол өмір бойы бәріне өз салмағын кінәлап келді. Ал арықтағаннан кейін, салмақтан арылғанымен, қиындықтары сол күйі қалғанын түсінді», – дейді күйеуі Гарет.

Берндред отадан кейін 2 рет өзіне қол жұмсамақ болған. Психиатрлар жазып берген дәрілердің де көмегі ұзаққа созылмапты. Ал бір күні таңертең күйеуі өз үйінде әйелін өліп жатқан жерінен тауып алады. Ол үшін бұл жайты төбесінен жай түскенмен бірдей болыпты. Мұнан кейін күйеуі психикалық денсаулығына қиындықтары бар адамдарға көмектесетін топ құрған екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде