{metadescription}
Модрич - 2018 жылдың ең үздік футболшысы атанды

Модрич - 2018 жылдың ең үздік футболшысы атанды

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Лондонда жылдың үздік футболшыларын марапаттады.

ФИФА тұжырымы бойынша «Жылдың үздік футболшысы» атағына Хорватия құрамасы мен Испанияның «Реал Мадрид» командасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич қол жеткізді. Хорват футболшысы Мысыр құрамасы мен Англияның «Ливерпуль» командасының шабуылшысы Мохамед Салах пен Португалия құрамасы мен Италияның «Ювентус»  клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналдумен бәсекеге түскен еді.

Аталмыш марапаттау рәсімінде Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам «Ең үздік бас бапкер» номинациясында топ жарды. Франция құрамасы биыл Ресейде өткен әлем біріншілігінде чемпиондық атаққа қол жеткізген еді. Дидье Дешаммен бірге бұл атаққа Хорватия құрамасының бас бапкері Златко Далич пен Испанияның «Реал» (Мадрид) командасының бас бапкері Зинедин Зидан ұсынылған еді.

Үздік қақпашы: Тибо Куртуа

Әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы: Рейнальд Педрос

Жылдың үздік жанкүйерлері: Перу ұлттық құрамасы фанаттары

Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Мұхаммед Салах

Fair Play марапатының иегері: Леннарт Ти

«FIFA 2017» үздік футболшылар құрамы: Давид Де Хеа ("Манчестер Юнайтед"); Серхио Рамос, Марсело, Рафаэль Варан (бәрі де – "Реал"), Дани Алвес (ПСЖ); Лука Модрич ("Реал"), Нголо Канте ("Челси"); Криштиану Роналду ("Ювентус"), Лионель Месси ("Барселона"), Эден Азар ("Челси"), Килиан Мбаппе (ПСЖ).
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.