{metadescription}
Атырауда аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып кетті

Атырауда аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып кетті

Атыраудағы автобус аялдамасында тұрған адамдарды көлік қақты.

Салдарынан екеуі де оқиға орнында жан тапсырып, бір бала зардап шекті.

Қайғылы оқиға қала маңындағы Құрсай кентіне қатынайтын №5 автобустың ақырғы аялдамасында болды. Жол апатынан 3 адам зардап шекті. 37 жастағы әйел мен 3 жасар бала жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды, ал 5 жасар қыздың миы шайқалып, жамбас сүйегі сынған. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

ІДД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігіне  («Көлік құралдарын басқарған тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын қолдану ережесін бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде