{metadescription}
Роналду мен Месси сынның астында қалды

Роналду мен Месси сынның астында қалды

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Фабио Капелло "Барселона" шабулшысы Лионель Месси мен "Реалдың" форварды Криштиану Роналдуды ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысын марапаттау салтанатына келмегені үшін сынға алды. 

"Салтанатты шараға келмей, құрметсіздік көрсетті. "Оскарға" барлық үміткерлер келеді. Олар тым жиі жеңімпаз атанғандықтан, ұтылған ұнамайтын шығар. Дегенмен ұтылған адам сыпайылық таныту қажет", - деп келтіреді Капеллоның сөзін Football Italia.

Сонымен бірге, Роналду мен Мессидің әрекетін ФИФА ұйымы да сынады.

"Бұл футболдың беделін төмендетеді, олар мұны түсінбейді де", - деп келтіреді Marca салтанатты шарада болған ұйым өкілінің сөзін. 

Мұның алдында, Роналду Лондондағы шараға "Ювентустың" тығыз кестесіне байланысты келе алмайтыны айтылған. Ал Месси шараға жеке себептеріне байланысты қатыспады. 

Еске салайық, ФИФА нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең үздік футболшысы "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич атанды. Месси және Роналду финалдық үштікке ілінбеді. Соңғы он жылда бұл екі футболшы атақты кезектесіп алып жүрді. Ал Модрич үшін бұл алғашқы рет. 

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде