{metadescription}
Аяғы ауыр әйел өзін өртеп жібермек болды

Аяғы ауыр әйел өзін өртеп жібермек болды

Тәжікстанның Куляб қаласында Фарзона Гуломова өз-өзіне қол жұмсауға қайын енесі мен қайын апасының қысымы түрткі болғанын мәлімдеді.

Соған шыдай алмаған аяғы ауыр келіншек алты күн бұрын өзіне өрт қойған.

Жас келіншекті 19 қыркүйекте Куляб ауруханасына жеткізді. Оның денесінің 20 пайызы күйік қалған. Жас отбасында үш жастағы қыз өсіп келеді. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің аяғы ауыр.

Фарзонаның айтуынша, сол күні отбасындағы жанжал 150 сомони (16 доллар) мен телефон үшін болған. Ақша мен телефон үйде жоғалып кеткен делінеді. "Мен шыдай алмай, күйеуіме не ажырасамыз, не басқа үйге шығамыз дедім. Сол кезде енем кіріп келіп, мені үйден шығаруын баласынан талап етті", - деді Фарзона Гуломова.

Оның айтуынша, күйеуі анасын жақтап шыққан, ал қайын сіңлісі жеңгесін ұрған. Қыз есі шығып, баняға барғанын ғана біледі. Құқыққорғау органдары істі тексеріп жатыр.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде