{metadescription}
Астанада ер адам 10 қабаттан құлаған баланы құтқарды

Астанада ер адам 10 қабаттан құлаған баланы құтқарды

Астана тұрғыны 10 қабаттан құлағалы тұрған 7 жасар баланы құтқарып қалды.

Оқиға 24 қыркүйек күні Сарыарқа ауданының Жеңіс даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Таңғы 10:16-да Жеңіс даңғылындағы 28-үйде жас баланың 10-қабаттан құлау қаупі туралы хабар келіп түскен. 10:22-де оқиға орнына Астананың №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеткен және олар келгенше 9-қабаттағы тұрғын баланы құтқарып үлгерген.

Бала ата-анасына тапсырылды. Оның жағдайы қалыпты және қосымша медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

24 сентября, Астана, Победа-Джангильдина. С балкона 10-го этажа чуть было не сорвался ребенок. Благо в последнюю секунду его удалось поймать жителю из нижней квартиры. Как ребенок оказался в такой ситуации пока неизвестно.

Публикация от Astanovka 98 (@astanovka98)

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.