Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Астанада журналисті өлтіріп кетті
Астанада Ирина Бекетова есімді журналисті өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды.
16:50 25.09.2018
Журналистің өлімі туралы әлеуметтік желіде әріптестері хабарлады. Олардың айтуынша, тілшінің соңында үш ұлы мен бір қызы қалған.
Астана қаласының құқық қорғаушылары 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кісі өліміне әкеп соққан, қасақана түрде ауыр дене жарақатын салу күдігіне ілініп отыр. Күдіктіні қолға түсіру үшін барлық шаралар жүргізіліп, қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Ирина Бекетова Nur.kz порталының Астана қаласындағы тілшісі қызметін атқарған. Шамамен 12 жыл "Қазақстан теміржолшысы" газетінде жұмыс істеген.
Оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram