{metadescription}
ШҚО-да тұтас бір отбасын көлік қағып кетті

ШҚО-да тұтас бір отбасын көлік қағып кетті

Риддерде тұтас бір отбасын көлік қақты.

Көлік тізгінінде 18 жастағы бозбала отырған екен.

Оқиға 22 қыркүйекте орын алған. Сағат 22.00 шамасында ерлі-зайыптылар 3 жасар баласымен Гагарин көшесіндегі «Соколка» ауданында жолдан өтіп бара жатады. Жаяу жүргіншілер өткелінде отбасын көлік қағып кеткен.

Салдарынан 3 жасар бала мен анасы зардап шекті. Отағасы аман. Әйел адамның табан сүйегі сынған, бала иек және ерін жарақатын алыпты.

Зардап шеккендер бірден қалалық ауруханаға жеткізілген.  Ал полиция қызметкерлері екі сағат ішінде оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісін іздеп табады. Ол не бары 18 жастағы бозбала болып шықты. Оның көлік жүргізуде тәжірибесі өте аз екен. Жүргізуші куәлігін екі ай бұрын ғана алған. Жас жігіт отбасын қараңғы уақытта көрмей қалғанын айтыпты. Қазір осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

​Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде