{metadescription}
400 жыл бұрын суға батқан кеме табылды

400 жыл бұрын суға батқан кеме табылды

Археологтар Португалия жағалауына жақын маңда осыдан 400 жыл бұрын суға батып кеткен сауда кемесін тапты.

«Тарихшылардың  пікірінше, бұл соңғы ондаған жылдар ішіндегі, ал Португалия үшін тарихта өзіндік орын алар маңызды ашылым»,- дейді археологиялық экспедицияның басшысы Жорже Фрейре.

Кемені Лиссабонға жақын орналасқан Кашкайш қаласына таяу жерде, 12 метр тереңдіктен тапты.

Суға батқан корабльдің  маңында керамикалық ыдыстар, Португалия гербі бар зеңбіректер шашылып жатқан.

Археологтардың пайымынша, судно Үндістаннан қайтып келе жатқан. Шамамен 1575 - 1625 жылдар аралығында суға батқан болуы ықтимал.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде