{metadescription}
Астанада журналисті өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды

Астанада журналисті өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды

Бекетов пен Гусейнов заң жүзінде отбасын құрмаған.

. Қылмыскерді ұстауға елордалық ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылған. ІІМ мәліметінше, осы қылмыс үшін Астана тұрғыны Гусейнов Анатолий Михайлович іздестірілуде екен. Екеуінің ортақ екі баласы бар

"Қайғылы оқиға өткен түні болған. Журналист Ирина Бекетованы бірге тұрған Анатолий Гусейнов қызғаныштан өлтірген. Ол оны кіреберісте ер адаммен кездестірген. Қайтыс болған әйелмен ер адамның арасында жанжал шыққан. Осы ұрысты көрген танысы кетуге ұйғарған. Алайда кетіп бара жатып, ер адамның әйелді ұрып жатқанын естіген. Жоғары көтерілгенінде әйелдің ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Бұл кезде Гусейнов белгісіз бағытта қашып кеткен", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.                                      

Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада өз үйінің кіреберісінде журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Ирина Бекетова Nur.kz порталының Астана қаласындағы тілшісі қызметін атқарған. Шамамен 12 жыл "Қазақстан теміржолшысы" газетінде жұмыс істеген.

 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.