{metadescription}
Автобус құзға құлап, 23-тен астам адам көз жұмды

Автобус құзға құлап, 23-тен астам адам көз жұмды

Жол апаты елдің оңтүстік-шығысындағы Чумбивилкас провинциясында орын алған.

Перу жолдарының бірінде келе жатқан жолаушылар автобусы құзға құлап кеткен.

Жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні кешке болған. Алғашында 7 адамның қайтыс болғаны жайлы айтылған еді. Құрбандар саны 23-тен асты. Автобус Чумбивилкас провинциясының таулы аймағындағы жолда келе жатып, құзға құлаған. Құздың осы маңдағы тереңдігі - шамамен 200 метр.

Жол апатына автобустың басқа көлікпен соқтығысуы себеп болған. Аталған көлік автобус құлап кеткен соң оқиға орнынан кетіп қалған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.