{metadescription}
Өскеменде 2 жұмысшы тірідей жанып кете жаздады
Дәрігерлердің айтуынша, олардың денелерінің 50% күйік шалған. Өскеменнің « Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында екі жұмысшы тірідей жанып кете жаздады. Түнгі ауысымдағы электр дәнекерлеуші мен механик кәріз жұмыстарын орындап жатқан. Қазір зардап шеккендердің екеуі де 1-ші қалалық аурухананың интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр, денелерінің 50% күйік шалған. Компания басшылығы оқиға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болғанын айтуда. Оқиғаны тексеру бойынша комиссия тағайындалған.
12:48 26.09.2018
Серіктестер жаңалықтары
Загрузка...
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ