{metadescription}
ФОТО:7 рет шаян шаққан шақалақ тірі қалды

ФОТО:7 рет шаян шаққан шақалақ тірі қалды

Бразилияда улы шаян шаққан шақалақ аман қалды.

Оқиға елдің шығысындағы Баия штатында орын алған. Сәбидің туғанына үш-ақ күн болған. Анасы қызын шомылдырып болып, оған жаялықша кигізген. Ол жаялықшада шаян барын білмеген. Сәбиге дем жетпей, аузынан көбік аға бастаған. Анасы оны дереу ауруханаға алып барған.

Дәрігерлер нәрестені тексеру кезінде шаян жеті рет шаққандығын анықтаған. Балаға алты доза уға қарсы дәрі еккен, алайда оның тірі қалуы екіталай еді. 

Сәби бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, толықтай айығып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, бала шаян шаққаннан кейін екі сағаттың ішінде уға қарсы дәрі егудің арқасында аман қалған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.