{metadescription}
10-қабаттан құлаған баланы құтқарған азаматқа жарты миллион теңге берді

10-қабаттан құлаған баланы құтқарған азаматқа жарты миллион теңге берді

Өз кезегінде Артем Карев бұл құрметке алғысын айтты.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлаған 7 жасар баланы құтқарған Астана тұрғыны Артем Каревты марапаттады.

Бейбіт күннің батыры атанған жас жігітке 500 мың теңгенің сертификаты берілді.

Еске сала кетсек, Астана тұрғыны 10 қабаттан құлағалы тұрған 7 жасар баланы құтқарып қалды. Оқиға 24 қыркүйек күні Сарыарқа ауданының Жеңіс даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Таңғы 10:16-да Жеңіс даңғылындағы 28-үйде жас баланың 10-қабаттан құлау қаупі туралы хабар келіп түскен. 10:22-де оқиға орнына Астананың №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеткен және олар келгенше 9-қабаттағы тұрғын баланы құтқарып үлгерген.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде