{metadescription}
Ғимарат құлап, 5 адам қайтыс болды

Ғимарат құлап, 5 адам қайтыс болды

26 қыркүйек күні, Үндістанның астанасы Нью-Делиде үш қабатты ғимарат құлады. Оқиға туралы сағат 9:25-те хабар жеткен. Салдарынан кем дегенде  5 адам мерт болды. Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар - бір әйел адам мен төрт бала. Құтқарушылар қазіргі уақытта үйінділерді жинауда. Олардың астында адамдардың қалып қоюы мүмкін деген қауіп бар. Солтүстік Дели муниципалды корпорациясының ресми өкілінің айтуынша, ғимаратқа шамамен 20 жыл болған.  Деректерге сүйенсек, ғимараттың құлауына құрылыстың ескіргені себеп болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде