{metadescription}
Жасөспірім қалыңдығын таңғы ас үшін өлтірген

Жасөспірім қалыңдығын таңғы ас үшін өлтірген

15 жастағы Ребекка Айлвордты көңіл жарастырған жігіті Джошуа Дэвис таңғы ас үшін өлтірген.

Қыздың анасы Соня болған жағдайдын барлығын айтып берді. Джошуа Дэвис достарымен дос қызын өлтіре алатынын айтып бәстескен. Егер ол жеңіске жетсе, достары оны сүйікті кафесінде таңғы ас сатып алып беруге уәде еткен.

Олар қызды улы жеміспен улау немесе жардан құлату жолдарын қарастырған. Қайғылы оқиға орын алмай тұрғанда, Дэвис Ребеканы қонаққа шақырған. Қызы тіпті бұл кездесуге арнайы дайындалып, әдемі киініп келген.

Келесі күні таңертең Ребекканын денесі табылған. Жігіті болса жайбарақат үйіне қайтып, болған жағдайдың бәрін достарына баяндап берген.

Жігіті ұсталғаннан кейін барлық айыптарды жоққа шығарып, қылмысын досына сілтеп жібермекші болған. Алайда, сот Джошуа Дэвисті 14 жылға бас бостандығынан айырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде