{metadescription}
Футболдан қыздар құрамасы Барселонамен кездесті

Футболдан қыздар құрамасы Барселонамен кездесті

Бірінші кездесуде қазақстандық қыздар қарсыласты 3:1 есебімен жеңген.

26 қыркүйекте УЕФА әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасының 1/16 финалының қарымта кездесуінде "БИІК-Қазығұрт" "Барселонаға" ұтылды. Ойын Барселона қаласындағы "Мини Эстади" стадионында өтті. Каталониялық клубтың ойыншылар 3:0 басым болды. 

Бірінші кездесуде қазақстандық қыздар қарсыласты 3:1 есебімен жеңген. Алайда екі матч нәтижесі бойынша Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына "Барселона" өтті. Кездесудің төртінші минутында Гихарро есеп ашты, ал Торрехон 48-ші минутта есепті еселеді. Осы есептің өзінде-ақ барселоналық қыздар командасы жеңіске жетіп тұрған еді, алайда ойынның 90-шы минутында Мартенс есепті 3-0-ге жеткізді. 

"Барселона" сапында Паньос, Леон, Лосада (к), Торрехон, Мариона (Бонмати 88), Гихарро, Уахаби, Дагган (Андонова 69), Перейра, Амрауи, Мартенс өнер көрсетті. Бас бапкері -  Франсеск Санчес Бас.

"БИІК-Қазығұрт" сапында Железняк (к), Розенкуист, Габелия, Кулмагамбетова (Иквапут 81), Литвиненко, Машкова, Красюкова, Ихезуо, Адуле, Кравец, Корт. Бас бапкері -  Калоян Петков. Ойында Латвиядан келген төрешілер төрелік етті - Лавреновайте, Скипитене, Поздеева, Мачикуните.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде