{metadescription}
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді

Жарыс өтетін ел УЕФА атқарушы комитетінің кезекті отырысында белгілі болды.

Германия футболдан 2014 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу орнын сайлау нәтижесі бойынша Түркиядан үш есе көп дауыс жинады, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

Сайлау бейсенбіде Швейцариядағы Ньон қаласында  УЕФА атқару комитетінің отырысында өтті. Еуро-2024-ке Германия мен Түркия үміткер болатын. Атқару комитетінің турнирді Германияда өткізуге 12 мүшесі, ал Түркияға 4-уі ғана дауыс берді. Біреуі қалыс қалды.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты сынақ ретінде Англия, Германия, Ресей, Әзербайжан, Италия, Румыния, Дания, Нидерланды, Испания, Ирландия, Венгрия және Шотландияның қалаларында өтеді. 2016 жылғы Еуропа чемпионаты Франция ұйымдастырған. Финалда Португалия құрамасы Францияны жеңіп, чемпион атанған.

Футболдан Еуро жарысына UEFA-ға мүше елдердің құрамалары қатысуға құқылы. 55 ел алдымен іріктеу жарысына қатысады. Үздік шыққан 24 құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Қазақстан - 2002 жылдан бері UEFA мүшесі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.