{metadescription}
Астанада журналисті өлтірді деген күдікті қамалды

Астанада журналисті өлтірді деген күдікті қамалды

Астанада журналисті өлтірді деген күдікті қолға түсті.

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.

«ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел уәкілдері қызғаныштан Nur.kz журналисі Бекетованы өлтірді деген күдікті А.М.Гусеинов Ақмола облысы Аршалы ауданы Ижевск ауылында Есіл өзенінің жағасындағы тастанды үйден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада. 

Ұстау операциясы шұғыл жүргізіліп, күдікті қашуға тырысқан жоқ, полицейлер оны кенеттен ұстаған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өз үйінің кіреберісінде журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Ирина Бекетова Nur.kz порталының Астана қаласындағы тілшісі қызметін атқарған. Шамамен 12 жыл «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жұмыс істеген. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде