{metadescription}
Енді біржыныстылар жұбын отбасы деп атауға болады

Енді біржыныстылар жұбын отбасы деп атауға болады

Румыния соты біржынысты некеге рұқсат берді.

Румынияның конституциялық соты біржынысты жұптардың отбасын құра алатыны, ал олардың арасындағы қатынас гетеросексуалды адамдардың бірге тұруы сияқты қабылданатыны туралы қаулы шығарды. Бұл туралы France Presse агенттігі хабарлады.

Маусымда Люксембургтегі Еуропа Одағының (ЕО) соты ЕО елдерін жұбайында Еуропа елінің азаматтығы жоқ адамдарға ықтиярхат беру үшін біржыныстылар некесін мойындауға міндеттейтін шешім шығарған. Сот шешімі бойынша, біржыныстылар некесі мойындалмаған елдер де мұндай жұптарға ықтиярхат беруі тиіс. Бұған Бельгияда біржынысты некеге отырған АҚШ пен Румыния азаматтарының басына түскен жағдай себеп болды.

Бұл жұп 2012 жылы Румынияға қоныстанбақ болған. Алайда, Румыния билігі біржынысты некені мойындамайтындықтан, америкалыққа ықтиярхат беруден бас тартқан. Бұдан соң ол жұп Румынияның конституциялық сотына шағымданған. Сот шағымды ЕО сотына жолдаған. Румынияда 2000 жылға дейін біржынысты неке қылмыс саналған.

Дереккөз: Азаттық

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде