{metadescription}
Қазақстанда ұстаздар ең төменгі жалақы алады

Қазақстанда ұстаздар ең төменгі жалақы алады

Ұлттық экономика министрі Қазақстанда жалақысы төмен салаларды атап өтті.

Қазақстанда төмен орташа жалақы мөлшері білім беру, денсаулық және әлеуметтік қызмет салаларында тіркелген. Бұл туралы бүгін Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Мәжілісте өтіп жатқан «Жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму перспективалары» парламенттік тыңдауында министр жалақы мөлшері төмен салаларды атап өтті.

«2018 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстан бойынша орташа айлық номиналды жалақы 157 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 8,3%, нақты мәнде 1,8% өсті. Жалпы, елімізде төмен орташа айлық жалақы мөлшері білім беру саласында — 104 мың теңге, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салаларында 108 мың теңге екені байқалады. Осы салалардағы жұмыскерлердің көбі бюджеттік салаларда істейді», — деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, орта және шағын бизнестегі жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 136 мың теңге шамасында.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.