{metadescription}
Астанада жатақхана өртеніп, ер адам қайтыс болды

Астанада жатақхана өртеніп, ер адам қайтыс болды

Жатақхана етіп жабдықталған контейнерлер отқа оранды.

Түнгі сағат 02:50-де Байқоңыр ауданы Алаш тас жолында орналасқан жатақхана етіп жабдықталған контейнерлердің бірі өртенді, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Тілсіз жау таңғы сағат 04:27-де ауыздықталып, 05:04-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан бір жұмысшының денесі табылды. Ол 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Жалын шарпыған аумақ - 150 шаршы метр. Мұнда 25 адам тұрып жатқан. Олардың барлығы - қоқыс өңдеу зауытының жұмысшылары. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде