{metadescription}
Цунамиден 50-ге жуық адам қаза тапты

Цунамиден 50-ге жуық адам қаза тапты

Бұған қоса жоғалып, табылмай жатқандар саны біршама.

Жұма күні Индонезиядағы Сулавеси аралында жер сілкініп, артынша цунамиге жалғасқан.

Салдарынан кем дегенде 48 адам ажал құшты. Мұның алдында бес адамның із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабарланған болатын. 7,5 балдық жер сілкінісі жұма күні Сулавеси жағалауында орын алып, цунами қаупі төнгені ескертілген. 

Үйлерге көп мөлшерде су кіріп, қаланы су басып қалған. Аурухана, сауда орталықтары мен қонақ үйлер апат салдарынан құлап жатыр. Зардап шеккендер арнайы тігілген медициналық шатырларда ем алуда. Қазір іс-түссіз жоғалғандарды іздеу шаралары жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.