{metadescription}
Піл өзін суретке түсірмек болған әйелді таптап кетті

Піл өзін суретке түсірмек болған әйелді таптап кетті

Зимбабведе пілді суретке түсірмек болған турист әйелді алып аң таптап тастаған.

Қайғылы оқиға Зимбабведегі «Mana Pools» ұлттық саябағында болды. Туристер жануарлардың тобырын көріп оларды суретке түсірмекші болған.

Германиядан келген 49 жастағы турист әйел көлігінен шығып, пілді суретке түсіруге әрекет жасаған. Сол сәтте ол жануардың астында қалып қойған. Алған ауыр жарақаттарынан әйел қайтыс болды.

«Біз адамдарға әрқашан жабайы жануарлардан аулақ болуды сұраймыз, олар қауіпсіздік шараларын көп жағдайда сақтамайды», - деп мәлімдеді ұлттық парктің баспасөз қызметі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде