{metadescription}
Түрмедегі бүлік: 7 тұтқын қаза тапты

Түрмедегі бүлік: 7 тұтқын қаза тапты

Жексенбі күні Гватемала астанасына жақын жердегі Фрайханес қаласында түрмеде болған тәртіпсіздік салдарынан кем дегенде жеті тұтқын қаза тапты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Келеңсіз жағдай ерлер түрмесіндегі қамалушылар арасындағы жанжалдан басталған. Даудың соңы ауқымды тәртіпсіздікке ұласқан. Тағы төрт адам жарақат алып, олар ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар хабарлағандай, қаза тапқандар атыс қаруымен өлтірілген. Күзет қызметкерлері қамалушылар қолданған тапаншалардың бірін тапқан. Түрмеде барлығы 2 мың адам жазасын өтеп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде