{metadescription}
ФОТО: Әйгілі Шварценеггер алматылық жігітке 5 мың доллар табыс етті

ФОТО: Әйгілі Шварценеггер алматылық жігітке 5 мың доллар табыс етті

Алматы қаласының тұрғыны Сергей Серещев халықаралық бодибилдинг турнирінде алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Бодибилдерлер арасында өткен халықаралық жарыстың марапаттау рәсімінде Арнольд Шварценеггердің өзі жеңімпазға, қазақстандық Сергей Серещевке бес мың долларға табыс етті.

Бұл туралы ҚР Бодибилдинг және фитнес федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бүкіл әлем бойынша бодибилдерлер арасындағы жарыс дәстүр бойынша Барселонада Арнольд Шварценеггер брендімен өткізіледі. 2018 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының атынан әуесқой дивизияның 12 спортшысы және IFBB Elite Pro Pro-картасы бар тағы бір атлет қатысты. 

Халықаралық бодибилдинг федерациясының (IFBB) қазақстандық өкілі Александр Колюктің айтуынша, қазақстандық спортшы «Ерлер классикалық физикасы» Men’s Classic Physique санатында шықты.

Бұл санатта әлемнің барлық 15 үздік спортшылары өнер көрсетті. Осы санаттағы спортшылар тек бой мен салмақ пропорцияларымен шектелді. Ал, Қазақстан осы бағытта жеңіске жетіп, алтын медальды жеңіп алды.

«Осылайша, біз біліктілігімізді растап, IFBB басқа элиталық әлем жарыстарында бәсекеге түсіге толықтай құқылы болдық»,- деді федерация өкілі.

Бодибилдинг турнирінде жеңіске жеткен отандасымыз Германия мен украиналық бәсекелестерінен ұпай саны бойынша басып озды. Осылайша, екі қарсыласынан басым түскен қазақстандық Сергей Серещев жүлдені Арнольд Шварценеггердің өз қолынан алды.

Arnold Classic Europe 2018 кәсіби жарысының жүлде қоры 60 мың долларды құрайды. Чемпионат жыл сайын әйгілі бодибилдинг Шварценеггердің қатысуымен өткізіледі. Турнир бүкіл әлемдегі бодибилдерлер арасында айтарлықтай беделге ие және танымалдылық бойынша «Мистер Олимпия» чемпионатымен салыстырылады.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде