{metadescription}
Корея клиникасы көз жұмған қазақстандық баланың денесін бермей отыр

Корея клиникасы көз жұмған қазақстандық баланың денесін бермей отыр

Кореялық клиника шығысқазақстандық 6 жасар Богдан Унраның ем-домына жұмсалған қарызды толық қайтаруды талап етіп отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі таңда баланың ата-анасы соманың жартысын жинаған. Консул әлі күнге дейін клиниканың басшылығымен келіссөз жүргізіп жатқанымен, әзірге ешқандай нәтиже болмай тұр. Клиника өз дегенінен қайтатын емес. Біздің мәліметке сәйкес, бала ол жерге көктемде түскен, ал тамызда сол жерде жансақтау бөліміне ауыстырылған. Жансақтау бөліміндегі әр күн 5 мың доллар деп есептелген. Міне, сондықтан ақырғы сома көп шығып кеткен», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі брифинг барысында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысы Белағаш ауылынан алты жасар Богдан Унра бір жыл бойы онкологиялық аурудан емделіп, 23 қыркүйекте көз жұмған болатын. Қарыз болғандықтан Сеул клиникасы ата-анасына баланың денесін бермей отыр. 25 қыркүйекте баланың әкесі Сеулдегі Қазақстан елшілігіне жүгініп, заңгерлік кеңес алған және баласының сырқатына жұмсалған ауқымды қарызды өтеуге көмек сұраған. Көз жұмған баланың ата-анасы әлі күнге дейін қаражат жинау үстінде.ық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/koreya-klinikasy-koz-zhumgan-kazakstandyk-balanyn-denesin-bermey-otyr_a3406784


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

11 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде