{metadescription}
Фируза Шәріпова ең сұлу спортшылар тізіміне енді

Фируза Шәріпова ең сұлу спортшылар тізіміне енді

Ресейлік СПОРТ №1 журналының жазуынша, жекпе-жектегі ең сұлу спортшылар қатарында қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова да бар

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Санкт-Петербургте шығатын СПОРТ №1 журналы жыл сайын жекпе-жектегі мықтыларды анықтап қана қоймай, нәзік жандардың сұлулығына да баға береді.

«Қазір талантты боксшының спорттағы мансабы шарықтау үстінде. Спортшының әлеуметтік желідегі жанкүйерлері күн санап артып, оның тартымды суреттері классикалық соққысынан да жойқын болып тұр», - делінген мақалада.

Спортшының басты мақсаты - Олимпиадаға қатысып, жеңіске жету екендігі де айтылған.  Үздік ондықтан орын алған сұлулар қатарында Фирузаның қарсыласы, ресейлік Софья Очигава мен боксшы Светлана Кулакова бар. Одан бөлек, ММА-лық Пейдж Ванзант, Александра Албу, Марина Мохнаткина, таиландтық боксшы Екатерина Вандарьева және еркін күрестен олимпиада чемпионы Наталья Воробьева да ең көрікті спортшылар тізіміне енген. 

Бұдан бөлек, Шәріпова ресейлік Бокс ТВ телеарнасының жекпе-жектен кәсіби спортшылардың топ-5 қатарына кіреді, сол сияқты Eurosport телеарнасының топ-10 тізімінен ойып тұрып орын алған. Ол, сонымен бірге, еліміздегі Vesti.kz сайтының және AllFight.ru таңдауы бойынша ең сұлу спортшы болып саналады.

Айта кетейік, боксшы үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегінде Санкт-Петербургтегі А2 аренасында ресейлік боксшы Юлия Куценкомен жекпе-жекке шығып, кәсіби бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, боксшының келесі қарсыласы - финляндиялық Ева Вальстрем. Екеуінің жекпе-жегі қашан және қай жерде өтетіні белгілі болды.

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде