{metadescription}
Қазақстандық жас қыздарды зорлап келген жігіт ұсталды

Қазақстандық жас қыздарды зорлап келген жігіт ұсталды

Атырауда сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп күдіктелген 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Оның құрбанына айналған жас қыздар әлеуметтік желілерде онымен интимдік хаттар жазысып тұрған деп жазады Ақ жайық.

Анықталғандай, М. әлеуметтік желілер арқылы әйелдермен танысып, кейбірінен олардың ашық суреттерін алып отырған. Кейін өзімен жыныстық қатынасқа түспесе, интернетте жазысқан хаттары мен суретерін жариялайтынын айтып, бопсалай бастаған.

Бір жыл бойы бірнеше құрбанын пайдаланған, олардың арасында 18 жастағы студент пен 15 жастағы оқушы қыз да болған. Осы қыздар ата-аналарына бәрін айтуды ұйғарған, ал олар полицияға шағымданыпты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және осы баптың 3-тармағының 3-тармақшасы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті тергеу абақтысына қамалды.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.