{metadescription}
Мұхтар Әбіләзовтің ісі Жамбыл облысында қаралады

Мұхтар Әбіләзовтің ісі Жамбыл облысында қаралады

Мұхтар Әбіләзовке қатысты қылмыстық іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады.

Бұл туралы Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 304-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 2018 жылдың 2 қазанында айыпталушы М.Қ.Әбіләзов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (16.07.1997 жылғы редакциясы бойынша) 28-бабы 3-бөлігі және 96-бабы 2-бөлігі «ж», «з» тармақшасы бойынша сотқа тартылады. Әбіләзовке қатысты іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады.

Әбіләзов 2004 жылы бас бостандығынан айыру орнынан босағаннан кейін 4 млн АҚШ долларына М.Ш.Тоқмәдиді жалдай отырып, «Банк Тұран Әлем» АҚ басқарма төрағасы Е.Н.Тәтішевті өлтірткені үшін айыпталып отыр. 2004 жылдың 19 желтоқсанында М.Ш.Тоқмәди Мұхтар Әбіләзовтің мүддесіне қарай жұмыс істей отырып, Жамбыл облысы Қордай ауданында аңшылық кезінде аңшы қаруымен Тәтішевті өлтірген. Осыдан кейін Мұхтар Әбіләзов «Банк Тұран Әлем» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланып, аталмыш банкті басқаруға келген.

Бұдын бұрын М.Қ.Әбіләзовке бұқаралық ақпарат құралдары және «Le FIGARO» және «I'Opinion» француз газеттері арқылы тергеу амалдарына қатысуы керектігі бірнеше рет ескертілген болатын. М.Қ.Әбіләзовтің келмеуіне байланысты айыпталушыға ҚР ҚПК 67-бабы тәртібінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының кәсіби адвокаты тағайындалды. М.Қ.Әбіләзов Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жүргендігі және жауаптан жалтарғаны ескеріле отырып, Бас Прокуратура ҚПК-ніің 304-бабын  негізге ала отырып, М.Қ.Әбіләзовке істің сотқа жолданғанын ескертеді. Сонымен бірге, айыпталу актісінің көшірмесі тағайындалған адвокатқа тапсырылғаны хабарланады. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.