{metadescription}
Енді Индонезия халқын жанартау шошытты

Енді Индонезия халқын жанартау шошытты

Сәрсенбі күні жер сілкінісі мен цунами салдарынан зардап шеккен Индонезияның Сулавеси аралында жанартау атқылады.

Индонезияның Сулавеси аралында, Сапутан жанартауы атқылады. Ол төрт километр биіктікке көтерілген. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Еске салсақ, 28 қыркүйек күні Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында екі рет жер сілкінді. Жойқын жер сілкінісінен туындаған цунами жолындағының бәрін қиратып кеткен. Тіпті, екі мәрте оралып соққан зілзаланың бірінің қуаты 7,4 балға жетіпті. 

Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 1200-ден астам адам қаза тапқан. Алайда, зілзаланың негізгі ошағы саналатын Дунгала ауданына кешірек табан тіреген құтқарушылар опат болғандардың саны артатынын айтады. Индонезиядағы алапат табиғат апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде