{metadescription}
Алматыда ер адам троллейбус пен джиптің ортасында қысылып қалды

Алматыда ер адам троллейбус пен джиптің ортасында қысылып қалды

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің ортасында ер адам қысылып қалды.

Болған оқиға Instagram әлеуметтік желісіндегі «kris_p_brothers»  парақшасында жарияланды. Төле би мен Сейфуллина көшелерінің қиылысында джип көлігі троллейбусқа соғылып, екі көліктің ортасында ер адам қысылып қалған.

Куәгерлердің айтуы бойынша, ақ автокөлік жүргізушісі қатты жылдамдықта болған. Айта кететін жайт, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен құқық қорғау органдары дереу жеткен. Толық ақпарат берілмеді.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.