{metadescription}
Шымкент әуежайында табылған 111 мың доллар мемлекетке өткізілді

Шымкент әуежайында табылған 111 мың доллар мемлекетке өткізілді

Жеті жыл бұрын шекарашылар ұшақтан тапқан соманың иесі анықталмауына байланысты қаржы мемлекет кірісіне өткізілген.

Абай аудандық соты жеті жыл бұрын Стамбул – Шымкент ұшағынан шекарашылар тапқан 111 мың долларды мемлекет кірісіне аударуға шешім шығарды. Көлемді қаражатты қазақстандық шекарашылар Стамбул – Шымкент ұшағын тексеру кезінде тапқан.

Алайда ақша жолаушылардың ешқайсысына тиесілі болмай шықты. Қомақты сома табылғаннан кейін контрабандаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Бірақ шетел валютасын кімнің тасымалдағаны сол күйі анықталмаған. Сол себепті қылмыстық іс тоқтатылды. 19 қыркүйек күні Абай аудандық соты шетелдік валютаны мемлекет кірісіне өткізу туралы талап арызды мақұлдады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.