{metadescription}
2019 жыл -  Жастар жылы деп бекітілді

2019 жыл - Жастар жылы деп бекітілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.

«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, Отанымызды өркендету жолындағы олардың маңызын жіті түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болды. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді», - деді Президент.

Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау - мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін атап өтті.

«Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», - деді Президент.

Айта кетейік, Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жариялaнды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде