{metadescription}
Әкесі 4 жасар баласын аяусыз ұрып өлтірген

Әкесі 4 жасар баласын аяусыз ұрып өлтірген

Көршілес Ресейде туған баласын бұтына жіберіп қойғаны үшін қатігездікпен ұрып өлтірді.

Алты баланың әкесі төрт жастағы баласы бұтына жіберіп қойғанын мойындамағаны үшін жұдырық жұмсаған. Бала алған жарақаты салдарынан көп ұзамай көз жұмды. Сот қатігез әкені қатаң режимдегі колонияға 13 жылға тоғытуға шешім шығарды.

«Мен оны ұра бастадым. Белдікпен жанбасынан 10 рет, 4 рет кеудесінен, одан кейін жұдырықпен 7,8 рет, басынан, бетінен шапалақпен ұрдым», - дейді 28 жастағы ер адам.

Қайғылы оқиға 24 наурызда кешке Хадахан ауылында болған. Барлығы баланың анасы мен 5 баласының көз алдында болды. Олар ашуға мінген әке мен баланың арасына араша түсуге тырысқанымен бұл әрекетінен ештеңе шықпаған. Ер адам баласын тәрбиелеуге бөгет жасамауға бұйрық беріп, баланы ұруын тоқтатпаған.

Қатігез әке 4 жастағы баласын жылы су құйылған тегенеге отырғызып, өзі әпкесінің теледидарын жөндеуге кетіп қалған. Қайтып келгенде баласының өлі денесін көреді. Төрт жастағы қозғалмастан сол күйі жан тапсырған.

Дереккөз: qamshy

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде