{metadescription}
Сөмке толы ақша тауып алған адам иесіне қайтарып берді

Сөмке толы ақша тауып алған адам иесіне қайтарып берді

Қытайда көше сыпырушы қоқыстан 150 мың юань салынған сөмке тауып алып, оны иесіне қайтарып берген.

Ли Ман таңертең Хайнань аралындағы Хайкоу ауданындағы көшелердің бірін тазартып жүргенде ақша толы сөмкені тауып алған. Оған сөмке күдікті болып көрінеді. Ішін ашқанда 100 юаньнан тұратын банкноттарды көрген.

«Менің ойымша, кез келген адам сөмкені иесіне апарып берер еді, себебі ол адам қазір уайымдап, қайғыға салынып отырған болуы мүмкін. Мен ақшаны иесіне міндетті түрде қайтару керектігін білдім», - деді көше сыпырушы.

Ол полиция ақшаны бөлімшесіне апарып, тергеу жұмыстары басталып кетеді. Ақша иесін екі сағат көлемінде тауып алған, ол жергілікті кәсіпкер екендігі анықталды. Ірі көлемдегі ақшаны кәсіпкердің компаниясындағы еден жуушы білмей қоқысқа лақтыра салған.

Ақшаның иесі Ли Мануға 20 мың юань сыйақы ұсынды, ол аула сыпырушының жылдық жалақысына тең. Ол ақшаны қабылдаудан бас тартты, себебі бұл іс-әрекетін пайда емес ар үшін жасағанын алға тартты. Болған оқиға әлеуметтік желілерде жылдам тарап,  Ли Ман жақсылық жасап танымалдылыққа ие болды.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде