{metadescription}
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

7 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдайды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Түркістан облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.  Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде жел 17-22 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдауы ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ал Қызылорда облысының  кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай күтіледі, жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде