{metadescription}
МакГрегор Хабибтан жеңіліп қалды

МакГрегор Хабибтан жеңіліп қалды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «Ти-Мобайл Аренада» аралас жекпе-жектің (MMA) тарихындағы ең айтулы айқастардың  бірі болды.

«Ғасыр айқасы» аталып кеткен кездесуде Нурмогамедов алғашқы раундта бірден өзіне ыңғайлы балуандық әдіске салды. Қарсыласын тапжылтпай басқанымен, Конор сауатты қорғана білді.

Екінші раундта Хабибтің ауыр соққысы дәл тиді. Партерге қайта түсіп қалған Конордың жолы болмағаны анық. Үшінші минутта ирландиялықты тағы құлатып алған ресейлік айтарлықтай соққысын дарытып үлгерді. Екінші раунд Хабиб тарапынан бір жақты сабау тәртібімен аяқталды.

Үшінші раундта Конор алдыңғы екі раундтағы олқылықтың орнын толтырып, бірнеше соққысын өткізді. Алайда бетпе-бет айқаста Қап тауының қабыланы шыдас беретінін көрсеткісі келгендей. Хабибтің бірнеше клинч әдістері жеміссіз аяқталды.

Төртінші раунда Хабиб Нурмогамедов қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Айта кетсек, осы жекпе-жектің андеркартында турнирдің ең маңызды кездесулерінің бірі - жеңіл салмақтағы Тони Фергюсон мен Энтони Петтистің айқасы өткен болатын. Екі раунда созылған айқаста Энтони Петтистің қолы сынып, 34 жастағы Фергюсон жеңіс туын желбіретті.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде