Нурмагомедов төбелесіп, белдіксіз қайтты
Хабиб Нурмагомедов қарсыласын төртінші раундта жеңгенімен, белдіксіз кетті.
12:40 07.10.2018
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегас қаласында өткен UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді.Нурмагомедов төртінші раундта қарсыласын қылқындырды. Жеңіске жеткеннен кейін ресейлік МакГрегор командасы мүшелерімен төбелесіп кетті.
Нурмагомедов осы күнге дейін жеңіліс тауып көрмеген. Ол жеңіл салмақтағы UFC чемпионы. Ал МакГрегор жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліс тапқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!