{metadescription}
Қарағанды облысында екі турист жоғалып кетті

Қарағанды облысында екі турист жоғалып кетті

Қарағанды облысының тауларында екі шетелдік – Түркия және Англия азаматтары хабар-ошарсыз кетті.

Бұл туралы ХАА ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлайды. 

«7 қазан күні 3:07-де Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі адам жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Олардың бірі – 1990 жылы туған Англия азаматы, екіншісі – 1992 жылы туған Түркия азаматшасы. Олар «Сосновый бор» санаторийінен таңертең ерте серуендеу үшін шығып, қайта оралмаған», - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Құтқарушылар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының және ішкі істер органдарының қызметкерлерін іздестіру іс-шараларына тартты.

«Таңғы алтыда құтқару қызметкерлері Қарқаралыдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Кендары орманшылар сағасынан тапты. Құтқарушылардың көмегімен шетелдіктер Қарақаралыға жеткізілді және олар медициналық көмекке мұқтаж болмады», - деді ол.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде