{metadescription}
Қазақстандықтар ІІІ Азия пара ойындарында 2 қола алды

Қазақстандықтар ІІІ Азия пара ойындарында 2 қола алды

Жакартада өтіп жатқан ІІІ Азия пара ойындарынан еліміздің қоржынына алғашқы 2 қола медаль түсті.

Алғашқы қола медальді әйелдер арасындағы пара пауэрлифтинг бойынша 66 келі салмақта Алина Солодухина олжалады. Арасын суытпай екінші қол медальді 100 метрге паражүзуден Дмитрий Ли қанжығасына байлады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов те өз фейсбук парақшасында мәлім етті:

«Индонезиядағы Азия пара ойындарынан жақсы жаңалық. Жарыстың алғашқы күні біздің атлеттер, паражүзуден Дмитрий Ли мен пара пауэрлифтингтен Алина Солодухина Қазақстанға қола медаль сыйлады. Сонымен қатар отырып ойнау волейболынан топтық іріктеуде біздің команда Иракты жеңді. Енді топтан шығу жеңілге түседі. Қарсыластар оңайға соқпады», - деді ол.

Айта кетейік, 6-18 қазан күндері Жакартада өтіп жатқан ІІІ Азия  пара ойындарына елімізден спорттың 9 түрінен, 91 параспортшы қатысуда. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.