{metadescription}
Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы қызға іздеу салынды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, Петропавлда Кристина Масленникова 6 қазан күні үйінен шығып кеткен. Қыздың белгілері: ақ сары түсті шашы иығынан төмен түсіп тұрады, қой көзі. Үстінде қара пенжек, қара шалбар және туфли, иығында қара рюкзагы болған. Полиция К. Масленникованың қай жерде екені туралы ақпаратқа ие адамдардан «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.

Еске сала кетейік, биылғы күзде Петропавлда бұған дейін де бірнеше рет жасөспірімдер жоғалған болатын. Жуырда ғана полицейлер бір күнде хабар-ошарсыз кеткен үш жеткіншекке іздеу салды. Қыркүйекте тәртіп сақшылары бес күн бойы туыстарымен байланыспай жүрген 17 жастағы студент қызды қайтарған еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат



 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.