{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президентін «Достық» орденімен марапаттады

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президентін «Достық» орденімен марапаттады

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия президенті Александр Вучичті «Достық» орденімен марапаттады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Сізді қарсы алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Қазақстанға және жеке өзіме қалай қарайтыныңызды барлығымыз да жақсы білеміз. Оны сапарым барысында да байқаған едім. Бұған қоса, қысқа ғана уақыттың ішінде 4 рет кездесіп отырмыз. Сіз «ЭКСПО-2017-де» бізді қолдап, осында келдіңіз. Қазір ресми сапармен келіп отырсыз әрі әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне қатыспақсыз. Бұл Сіздің бірегей қатынасыңызды білдіреді және біз мұны барынша бағалаймыз», - деп атап өтті Қазақстан Президенті .

Осы ретте Елбасы Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы өкінішке орай төмен болып отырғандығын атап өтті. Екі елдің логистика, көлік пен коммуникация, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы фармацевтика және құрылыс салаларында байланыстарды жандандыруға зор мүмкіншілігі бар екендігін баса айтты.

«Бұл сапарыңызды қарым-қатынастарымызды одан ары ілгерілету үшін пайдаланамыз деп ойлаймын. Елдеріміздің бизнесмендерінің форумы өтіп, сәйкесінше құжаттарға қол қойылады. Премьер-Министрмен кездесесіз. Қазақстандықтар өз тарапынан Сіздің еліңіздегі инвестициялық жобаларға қатысуға дайын. Бұл сапарыңыз біздің ынтымақтастығымызға табыс әкеледі деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта әлем күрделі ахуалға тап болып отырғандығына тоқталды.

«Осыған қарамастан Сіз Қазақстанға өзіңіздің ерекше қарым-қатынасыңызды барлық уақытта да баса атап өтесіз. Сербия барлық халықаралық мәселелерде бізді қолдайды. Біз де Сербияны қолдаймыз. Осынау достық қарым-қатынастарды ескере келе Сізді шетелдік достарымызға арналған ең жоғары награда - бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым», - деген Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға жоғары награданы табыс етті.

Айт кетейік, Сербия басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыңшақыруымен ресми сапармен келіп отыр.

Сапар аясында Александр Вучич Қазақстан-Сербия іскерлік форумына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI сьезінің ашылуына қатысады деп жоспарланған.

Сербия президентінің сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Оның ішінде Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ, Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігі мен Сербияның жастар саясаты және сопрт министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бар.

Жалпы, ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-саттықтың көлемі 16,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі кезде Қазақстанда 20-дан астам сербиялық компания тіркелген. Олардың басым бөлігі көтерме және бөлшек саудамен, сондай-ақ, тұрғын-үй мен коммерциялық нысандардың құрылысымен айналысады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде